Кеңес Одағының Батыры Максим Ильич Собконың ескерткіші

Максим Ильич Собко 1908 жыл Всесвят болысының Водинка ауылында дүниеге келген. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтар айында шақырылған. Украинаны азат етудегі соғысқа қатысқан.М.И.Собкоға Днепрден өту кезіндегі ерлігі мен батылдығы үшін 1944 жылғы мамырда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ескерткіш мүсін түрінде орнатылған, бетоннан жасалған, биіктігі 0,8 метр, М.И.Собко пилоткада бейнеленген. Мүсін гранит тақташалармен қапталған төрт қырлы бетон тұғырға (2,5х1х1 м.) көтерілген. Алдыңғы жағында «Кеңес Одағының Батыры Собко Максим Ильич 1908-1944» деген жазуы бар мемориалдық тақта орнатылған. Тұғырдың алдында мәңгілік отқа арналған жұлдыз орналасқан.
Ескерткіш мерзімі: 1967 жыл.

