Кеңес Одағының Батыры И.Ф.Павловтың бейітіндегі ескерткіш

Иван Фомич Павлов (1922-1950) – Ұлы Отан соғысына қатысушы, ұшқыш-шабуылдаушы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры.
1950 жылдың 12 қазанында И.Ф. Павлов түнгі ұшу жаттығуында, қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты. 20 қазанда оны Қостанайдағы қалалық зиратқа - қазіргі Жеңіс саябағындағы Батырлар Аллеясына салтанатты түрде жерледі.
Қола мүсін тік бұрышты нысандағы мәрмәр тастан жасалған тұғырға орнатылған. И.Ф. Павлов ҰОС кезіндегі ұшқыш киімінде бейнеленген. Тұғырдың беткі жағына екі тілде: «Кеңес Одағының Екі мәрте Батыры гвардия майоры Павлов Иван Фомич (1922 – 1950 гг.)» деп жазылған. Тұғырдың негізінде граниттен тікбұрышты қабірлік тақта жасалған.
Ескерткіш мерзімі: 1950 жыл.
