Централизованный портал «VisitQazaqstan» на данный момент работает в тестовом режиме, по вопросам корректировки информации просьба обращаться по номеру +7 (771) 306-09-09. (KZ)
Қызықты орындар Культурное наследие Ескерткіштер

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға» ескерткіші

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға» ескерткіші

Ескерткіш  фашистік  Германияны жеңудің 25 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) қаза тапқан жерлес жауынгерлерге  арналып  салынған. Авторы белгісіз. Ескерткіш темір бетоннан салынған, қара түсті гранит тақталармен   қапталған үш қырлы стела болып табылады. Стела 8 метрлік биіктікте  шекілеу  әдісімен лавр бұтағы бейнеленген металл сақинамен көмкерілген.

Стеланың алдыңғы жағынан  тақталарға   фотобаспа әдісімен қолында тапаншасы бар солдаттың портреті, бүйір жағынан – георгий лентасы салынған. Ескерткіш аласа екі сатылы тұғырға орнатылған. Стеланың артында ҰОС жылдары Қарабалық ауданының қаза тапқан тұрғындарының аты-жөндері жазылған қара гранит тақталармен қапталған мемориалдық қабырға (ұзындығы 15 м., биіктігі 3 м., қалыңдығы 1 м.) орналасқан.

Ескерткіш  мерзімі: 1970 жыл.

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Ср, 30.04.2025
12:15
Переменная облачность
12.7° C
Қарабалық ауданы
Ылғалдылық: 30%
Жел: 28.4 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation