Централизованный портал «VisitQazaqstan» на данный момент работает в тестовом режиме, по вопросам корректировки информации просьба обращаться по номеру +7 (771) 306-09-09. (KZ)
Қызықты орындар Культурное наследие Мемориал

Азамат соғысы батырларының бауырластар зираты, 1919 ж.

Азамат соғысы батырларының бауырластар зираты, 1919 ж.

Ескерткіш 1919 жылы наурызда ақ гвардияшылар Денисов болысының Львов ауылындағы көтеріліске қатысушыларды аяусыз қырып-жойған кезіндегі Азамат соғысының қайғылы оқиғаларын еске түсіреді. 23 наурызда осы көтеріліске қатысқан Денисов және Гришенка  кенттерінің 12 тұрғыны Тобыл өзеніндегі ойыққа (Денисов  ауылының қазіргі  автомобиль көпірі маңында) батып кетті. Кейінірек Денисов ауылындағы христиан  зиратына  10 адам,  Антонов ауылындағы зиратқа 2 адам жерленді.

1957 жылы Қазан төңкерісінің 40 жылдығына орай Тобыл өзенінің биік жартасты жағалауына  осы оқиғаның батырларына  арналған обелиск орнатылды. Биіктігі 6 метр пирамидалық  обелискінің  төбесіне бес бұрышты металл жұлдыз    орнатылған. Обелиск бетоннан салынып,  металл  тақталармен  қапталған.

Алдыңғы   жағында  он адамның аты-жөні жазылған  мәрмәр мемориалдық тақта орнатылған,  тағы  2 адамның тегі тек  1970 жылдары қалпына келтірілген.

Іргетасы  үш сатылы төрт қырлы  квадрат  бетоннан жасалған, сыланған, үстіңгі  беті жасыл қыш  тақтамен  қапталған.

Обелиск көлемі 10х10 метр бетоннан жасалған бес сатылы алаңға тұрғызылып, металл бағаналардағы металл шынжырлармен  қоршалған.

Ескерткіш мерзімі: 1957 жыл

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Ср, 30.04.2025
12:45
Солнечно
12.9° C
Денисов ауданы
Ылғалдылық: 28%
Жел: 23.8 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation